kazinform.kz

24 ақпан, 2016

Жамбыл облысының әкімі ауыл шаруашылығы ғалымдарымен кездесті

kazinform.kz: 23.02.2016

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы әкімдігінде Қазақ Ұлттық университетінің ғалымдарымен ауыл шаруашылығы саласына енгізілетін инновация мәселесі бойынша жиын өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қонақтарды Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев қабылдап, соңғы жылдары өңірдің аграрлық секторындағы жағымды өзгерістер болып жатқанын, тауар өнімдерінің көбейтілуінің айтып өтті.

Кеңеске облыс әкімінің салалық орынбасары, бірқатар аудан әкімдері, тиісті басқарма және облысымыздың ғылыми-өндірістік, агроқұрылымдар басшылары, шаруақожалықтарынның жетекшілері, БАҚ-ның өкілдері қатысты.

Басқосуда ғалымдар дақылдардың түрлі сұрыптары, екі рет өнім алу, мал басын асылдандыру, қарқынды бақтардың көлемін ұлғайту, төрт- түлікте кездесетін аурулардың алдын-алу мәселелеріне қатысты жаңа технологияларды ортаға салды.

Екі күнге созылатын семинар кеңес барысында ғалымдар аудандарды аралап, шаруашылық басшыларымен практикалық кездесулер өткізетін болады.

http://www.kazinform.kz/kaz/article/2873993