📚 Білім күніне орай: жаңа оқу жылы аясында бірінші курс студенттерімен кездесу

2 қыркүйек 2025 жылы Биология және биотехнология факультетінде жаңа оқу жылының басталуына орай бірінші курс студенттерімен таныстыру кездесуі өтті. Шара барысында оқу жоспары, академиялық адалдық қағидалары, эдвайзерлік жүйе және студенттік сервистер таныстырылып, студенттердің сұрақтарына жауап берілді.
Кездесуге факультет деканы — б.ғ.д., профессор Курманбаева Меруерт Сакеновна және университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры — PhD, қауымдастырылған профессор Алина Кулбаевна Галеева қатысты. Сонымен бірге кафедра меңгерушілері: б.ғ.д., профессор Кустубаева Альмира Мэлсовна, б.ғ.к., профессор Ахтаева Нурсулу Зияхановна, профессор м.а. Кистаубаева Аида Сериковна, PhD Кегенова Гүлнар Болатқызы және өзге де әріптестер факультеттің білім беру мүмкіндіктері мен ғылыми бағыттарын таныстырды.
Биыл факультетке бакалавриат бағдарламасына барлығы 853 студент қабылданды: олардың 610-ы мемлекеттік грант иегерлері, 36-сы ақылы бөлімде оқиды, 207-сі Түрікменстаннан келген студенттер. Сондай-ақ, 112 магистрант пен 59 докторант жаңа оқу жылын бастады. Кездесу бірінші курс студенттерінің факультет өміріне тез бейімделуіне және оқу үдерісін жан-жақты түсінуіне мүмкіндік береді. Баршаға табысты оқу жылын тілейміз!
Басқа жаңалықтар


