01.09.2025 –Цифрлық сауаттылық курсы басталады — ҚазҰУ

01.09.2025 –Цифрлық сауаттылық курсы басталады

26 тамыз 2025
01.09.2025 –Цифрлық сауаттылық курсы басталады

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында аға буынға арналған «Цифрлық сауаттылық» курсы басталады.

Курс барысында тыңдаушылар компьютерді және мобильді құрылғыларды қолданудың негізгі дағдыларын меңгереді, интернет пен электрондық поштаны тиімді пайдалануды үйренеді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің электрондық порталы eGov.kz арқылы қызмет алуды игереді.

Сабақтар әр сәрсенбі және жұма күндері сағат 11:00–12:00 аралығында ҚазҰУ Технопаркі, бірінші қабат, 217-аудиторияда өткізіледі.

Байланыс үшін: +7 707 250 9679 (Шыңғыс, Біліктілікті арттыру институтының бас маманы).