ҚазҰУ-да кәсіби және педагогикалық қайта даярлау курстары басталадыFarabi University

ҚазҰУ-да кәсіби және педагогикалық қайта даярлау курстары басталады

27 тамыз, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты кәсіби және педагогикалық қайта даярлау курстарына қабылдау жариялайды.

Бағдарламалар:

  • Кәсіби қайта даярлау курстары – 300 академиялық сағаттан бастап, кәсіби құзыреттілікті кеңейтуге арналған.

  • Педагогикалық қайта даярлау курстары – 1200 академиялық сағат, педагогикалық қызметпен айналысу құқығын алу үшін.

Мамандықтар: шетел тілі, қазақ тілі мен әдебиеті, педагогика және психология, орыс тілі мен әдебиеті, дене шынықтыру және спорт, биология, география, информатика, тарих, физика, химия.

Оқыту онлайн және офлайн форматтарда жүргізіледі. Курсты аяқтаған соң белгіленген үлгідегі куәлік беріледі.

Құжаттарды қабылдау: жеке куәлік, жоғары білім туралы диплом, №075 медициналық анықтама (флюрография), 3х4 фото (электронды форматта).

Барлық құжаттар ipk.mektep@gmail.com поштасына қабылданады.
Қосымша ақпарат үшін: +7 (727) 377 33 33 (ішкі 1461).