Профессор Алдабек Н.Ә.Шэнжэньдағы халықаралық ғылыми конференцияға қатысуда

24 ақпан, 2016

Қытайтану кафедрасының профессоры Алдабек Нұржамал Әбдіразаққызы ҚХР-дың еркін экономикалық аудандарының бірі Шэнжэнь қаласында өтіп жатқан «Бір белдеу - бір жол: «Ұлы Жібек жолының» экономикалық белдеуі» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысуда. Конференцияда «Жібек жолының» экономикалық бастамасы, Қытай мен Еуропаны жалғастыратын Орталық Азиядағы «Жібек жолының» бұрынғы тарихи әлеуетін қайтадан жандандыру және осы идеяны жаңа экономикалық мазмұнмен толықтыру бастамасы қарастырылуда. Конференцияға 34 елден 100 ден аса делегат қатысып отыр. Нұржамал Әбдіразаққызы Конференцияның пленарлық мәжілісінде түрлі мәселелерді талқылауға қатысып, жеке секция бойынша баяндама жасады. Профессор Алдабек өз баяндамасында Ұлы жібек жолының экономикалық белдеуіндегі Қазақстанның орны, Қазақстанның Қытай мен Еуропа арасындағы барлық негізгі көлік дәліздерінің торабына айналу мүмкіндігі туралы тыңғылықты айтып өтті. Сонымен қатар, Жібек жолының экономикалық белдеуін құру бойынша жобаларды іске асыруда Қазақстан мен Қытайдың ынтымақтастығы, аймақтағы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның рөлін күшейту секілді мәселелерге де тоқталды.Сондай-ақ, Нұржамал Абдразаққызы Қытайдың Бұқаралық Ақпарат құралдарына Ұлы жібек жолының экономикалық белдеуіндегі Қазақстанның орны туралы сұхбат берді. Ұлы сауда жолдарын бола¬шаққа жалғастыру – бүгінгі ұрпақ¬тың міндеті екендігін, өзара тиімділігіне баса назар аудара отырып, ең бастысы аймақтық кикілжіңдерге жол бермеу керектігін атап өтті.