Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Целинный заманауи мәдениет орталығында
6 қыркүйек, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы ұйымдастырған *бағдар беру аптасы* аясында мәдениеттану мамандығының 1-курс студенттері "Целинный" заманауи мәдениет орталығына барды.
Іс-шараның мақсаты – студенттерді Қазақстандағы заманауи өнер мен мәдени үрдістермен таныстыру, мәдени институттардың қоғамдағы рөлімен жақынырақ танысу.
Орталық қызметкерлері студенттерге орталықтың тарихы мен миссиясы, қазіргі заманғы көрмелер мен мәдени жобалар жайлы ақпарат беріп, экскурсия өткізді.
Бұл танымдық сапар студенттердің шығармашылық ой-өрісін кеңейтіп, болашақ мамандықтарына кәсіби бағдар беруде маңызды тәжірибе болды.
Басқа жаңалықтар

9 қыркүйек, 2025

9 қыркүйек, 2025