ҚазҰУ-да ICESCO семинары басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде спутниктерді модельдеу бойынша IV халықаралық оқу семинары мен аэроғарыштық симпозиум өз жұмысын бастады.
Іс-шара Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Ислам ынтымақтастығы ұйымы – ICESCO-мен бірлесіп ұйымдастырылды.
Семинар жұмысына шетелдік сарапшылар, Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің жас ғалымдары мен мамандары, сондай-ақ ҚазҰУ-дың оқытушылары мен студенттері қатысты.
Семинардың ашылуында ICESCO-ның ғылым және технология жөніндегі кеңесшісі, доктор Мұхаммад Шариф сөз сөйлеп, шараның маңыздылығын атап өтті және қатысушылардың жұмысына табыс тіледі.
ICESCO – мұсылман елдерінде білім, ғылым, мәдениет және коммуникация салаларын дамытатын мамандандырылған ұйым.
Ұйымның мақсаты – мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту және исламның гуманитарлық құндылықтарын ілгерілету.
Семинар 12 қыркүйекке дейін жалғасады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар

