 
                2025 жылғы 6 қыркүйек күні Қазақ ұлттық университетінің студенттер үйлерінде сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға студенттер үйлерінде тұратын барлық курс студенттері, коменданттар мен студенттік қалашық мамандары белсенді қатысты. Сенбіліктің негізгі мақсаты – студенттер үйінің тазалығын қамтамасыз ету, жастардың экологиялық мәдениетін арттыру және ортақ жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды. Жатақхана аумағын санитарлық тазалау, тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру, сондай-ақ студенттер арасында ұйымшылдық пен жауапкершілік сезімін нығайту көзделді. Мұндай шаралар жастарды ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа және өз ортасына немқұрайлы қарамауға тәрбиелейді.



Басқа жаңалықтар
 
                                
                                    20 қазан, 2025                                
                             
                                
                                    20 қазан, 2025                                
                             
        