«Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі» ашық сабағыFarabi University

«Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі» ашық сабағы

8 қыркүйек, 2025

 

2025 жылғы 8 қыркүйекте биология факультетінің 322-аудиториясында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған ашық сабақ өтті. Іс-шараны молекулалық биология және генетика кафедрасының эдвайзері Қуанбай Ә.Қ. және Генетика 24-01 тобының 2-курс студенттері ұйымдастырды.

Сабақ барысында студенттер ана тілін сақтау мен дамытудың маңызы, қазіргі қоғамдағы көптілділіктің рөлі және тілдің ел бірлігін нығайтудағы әрі мәдени мұраны сақтаудағы маңызы туралы пікір алмасты. Қатысушылар өз ойларын, тәжірибелерін бөлісіп, тілдің ұлттық бірегейліктің маңызды бөлігі екенін атап өтті.

Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті. Құрметті қонақтар ретінде факультет оқытушылары мен студенттері қатысты.

Молекулалық биология және генетика кафедрасының аға оқытушысы Қуанбай Ә.Қ.