Кәсіби мамандарды елге тарту мәселесі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауыyында жоғары білікті мамандарға иек арту керектігін алға тартады. Ол үшін алыс жақын шет елдерден кәсіпкерлік, өнерпаздық, шығармашылық табысқа жеткен дарынды, талантты қандас азаматтарды елге шақыру мүмкіндігін тудырып, тиімді көші-қон саясатын жолға қоюды ұсынады. Мемлекет басшысының бұл ұсынысын толық құптаймыз. Өйткені осы арқылы қоғамда сұранысқа ие болып отырған жоғары білікті мамандардың тапшылығын азайтуға болады. Сонымен қатар ғылым, денсаулық сақтау, өндіріс, IT салаларының білікті мамандарына мемлект тарапынан жеңілдіктер жасап, оларды елімізде тұрақты тұру үшін виза тәртібін реттеп беру мәселесін жолға қою кезек күттімейтін мәселенің бірі болмақ.
Мемлекет басшысының бүгінгі көтерген қайсыбір мәселесі де Қазақ елінің жарқын болашағы үшін маңызды тетіктер екеніне сенімдіміз. Тарихи жадымызды жаңғырта отырып ескі мен жаңаның, тоқырау мен дамудың арасынан заманауи озық үлгілі таңдау жасай білсек бірлігі мен берекесі, әділдігі мен ашықтығы үйлесімін тапқан бай қуатты ел болатынымызға үмітміз мол.
Куркебаева Кенжетай.
Басқа жаңалықтар

