Қытайтану кафедрасында Қытайдың жас ғалымымен кездесу өттіFarabi University

Қытайтану кафедрасында Қытайдың жас ғалымымен кездесу өтті

10 қыркүйек, 2025

ҚХР азаматы, Шанхай әлеуметтік ғылымдар академиясының магистранты, жас зерттеуші Әділбай Жарас қытайтану кафедрасының ұжымымен танысып, өзінің зерттеу жұмысын оқытушылармен талқылады.

Жас ғалым Қазақстандағы қытайтанушылық зерттеулердің барысы мен қазіргі жағдайын зерделеумен айналысып жүр. Кафедра ұжымымен әңгімелесу барысында Жарас өз зерттеуіне қатысты материалдарды жинақтау үшін арнайы Алматы қаласына келгенін атап өтті.

Қытайтану кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы жас зерттеушіге барынша қолдау көрсетіп, алдағы ғылыми жұмыстарына сәттілік тіледі.