Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының II отырысы: рухани мұра мен ғылыми сабақтастықFarabi University

Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының II отырысы: рухани мұра мен ғылыми сабақтастық

11 қыркүйек, 2025

2025 жылғы 11 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасы, Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының II отырысы өтті. Бұл басқосу ұлттық мәдениет пен руханияттағы ерекше маңызы бар тарихи оқиға ретінде есте қалды.

Жиынды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, шығыстанушы, PhD Тұяқбаев Өмір Оразұлы жүргізді. Оның кіріспе сөзінде қолжазбаларды зерттеу, сақтау және ғылыми айналымға енгізудің заманауи әдіснамалық негіздері мен өзекті мәселелері сөз болды. Негізгі баяндама тақырыбы – «Қазақстандағы мемлекеттік және жеке қолжазба қорлары: ғылыми-практикалық маңызы, заңнамалық, құқықтық мәселелері» –  қазіргі таңда қолжазбатану ғылымының дамуына тың серпін беретін бағыттарды айқындап берді.

Жиынға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінен және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар қатысты.

Шара аясында қоғам қайраткері Ақан Таңжарықұлының қолжазбаларының ҚР Ұлттық кітапханасы қорына ресми табысталды. Бұл құнды мұраны қайраткердің қызы Ажар Аханқызы Таниярова салтанатты түрде тапсырды. Қолжазбаларды ресми түрде Ұлттық кітапхана директоры Нұрғалиева Ғазиза Құдайбергенқызы және Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің жетекшісі Абикова Гүлшат Масалимқызы қабыл алды. Бұл рәсім қазақ руханияты мен ғылыми қауымдастығы үшін маңызды мәдени оқиға болып, ата-баба аманатының ұрпақтан ұрпаққа жетуін қамтамасыз етті.

Н.Н.Кайранбаева

https://www.instagram.com/p/DN-FCY8DEQ6/?utm_source=ig_web_button_share_sheet&igsh=MzRlODBiNWFlZA==