- Басты бет
- Қазақстан халқы Ассамблеясы
- ТДМ-4, 10, 16: «Тіл – татулық тірегі» атты эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды
ТДМ-4, 10, 16: «Тіл – татулық тірегі» атты эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды

Оқу ордамызда 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – татулық тірегі» атты эссе байқауы ұйымдастырылып, оның жеңімпаздары бүгін университеттің Бас мұражайында марапатталды.
Бұл байқау 20 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында университет студенттері арасында өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – жастардың тіл мен татулық ұғымдарын көркем және публицистикалық тіл арқылы терең түсініп, қазақ тілінің мәртебесін арттыруға, сонымен қатар жастардың азаматтық көзқарасы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Байқауға әртүрлі факультеттен студенттер қатысып, өз ойларын шебер әрі мәнерлі жеткізген эсселерін жолдады.
Марапаттау рәсімінде университеттің Тұрақты әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Омаров Бақытжан Бауыржанұлы құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік тілдің қоғамдағы орны мен жастар шығармашылығының маңыздылығын атап өтті. Ол студенттерге шығармашылық табыс тілеп, тілге деген шынайы сүйіспеншілік пен құрметтің ел бірлігінің негізі екенін жеткізді.
Марапаттау рәсімінде университеттің Тұрақты әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Омаров Бақытжан Бауыржанұлы сөз сөйлеп, мемлекеттік тілдің қоғамдағы орны мен жастар шығармашылығының маңыздылығын ерекше атап өтті.
Байқау қорытындысы бойынша төмендегідей студенттер дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды:
І дәрежелі диплом иегерлері:
- Гасемзаде Али – Медицина және денсаулық сақтау факультеті, «Стоматология» мамандығы, 4-курс
- Серікқызы Сабина – Филология факультеті, «Қазақ филологиясы» мамандығы, 2-курс
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
- Ешмухамбетовa Аяла Ғалымбекқызы – Экономика және бизнес жоғары мектебі, «Менеджмент» мамандығы, 3-курс
- Шайхат Альмедина Талғатқызы – Журналистика факультеті, «Журналистика» мамандығы, 3-курс
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
- Енбаева Рәбиға Қобланқызы – Тарих факультеті, «Кітапханалық-ақпараттық жүйелер» мамандығы, 2-курс
- Абдуллаева Наргиз Абликимовна – Экономика және бизнес жоғары мектебі, «Есеп және аудит» мамандығы, 2-курс
Алғыс хат иегерлері:
- Днибекқызы Гүлнұр – Тарих факультеті, «Ғылыми тарих» мамандығы, 3-курс
- Алиев Гюлизар Байрамовна – Экономика және бизнес жоғары мектебі, «Қаржы» мамандығы, 2-курс
Бұл байқау жастардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыруда, ұлттық бірлікті нығайтуда және шығармашылық қабілеттерін шыңдауда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Әрбір қатысушының еңбегі жоғары бағаланды. Олар өздерінің эсселері арқылы тіл мен татулықтың ел дамуы үшін айрықша маңызды екенін дәлелдеді.
Байқау жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
Басқа жаңалықтар

