Көктемгі мейрам: «Балаларды қорғау күні»
КӨКТЕМГІ МЕЙРАМ: «БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ»
2015 жылдың 29 мамырда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің спорт кешеніндегі шахмат клубында Балалар күніне арналған оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлердің балалары арасында шахматтан XV дәстүрлі Олимпиада болып өтті. Бұл Олимпиада «Парасат» кәсіподағы (төраға – Мекебаев Т.К.) мен дене шынықтыру және спорт кафедрасымен (кафедра меңгерушісі - Арещенко А.И.) ұйымдастырылды. Жарыс ұйымдастырушысы - Таганова Н.П. («Парасат» кәсіподағының мүшесі). Бас төреші – шахматтан спорт шебері, Носков А.А.
Жарысқа ұлдар мен қыздар арасында жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа 20 адамнан бөлінді: 10 жасқа дейін, 12 жасқа дейін, 14 жасқа дейін.
10 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ТОП
1 орын – Қалиахмет Елдана (шығыстану факультеті).
2 орын – Бекбосын Диас (ЭжБЖМ).
3 орын – Сағатай Жолбарысхан (ЭжБЖМ).
12 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ТОП
1 орын – Ыбрайқожа Нұрдаулет (филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті).
2 орын – Сержан Мадияр (журналистика факультеті).
3 орын – Мақсутқызы Назым (тарих, археология және этнология факультеті).
14 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ТОП
1 орын – Нұрғазы Томирис (журналистика факультеті).
2 орын – Керімбай Едіге (шығыстану факультеті).
3 орын – Бекбосын Дулат (ЭжБЖМ).
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері мақтау қағаздарымен, шахматтық әдебиеттермен, конфеттермен марапатталды. Жарыс қатысушылары мақтау қағаздары мен тәтті сыйлықтарды алды. Марапаттау рәсімін университеттің «Парасат» кәсіподақ жұмысшылары өткізді.