«Business and Management 2025» халықаралық ғылыми конференциясына қатысуFarabi University

«Business and Management 2025» халықаралық ғылыми конференциясына қатысу

15 қыркүйек, 2025

Вильнюс Гедиминас атындағы техникалық университеттің (Вильнюс, Литва) Бизнес-басқару факультетінде «Business and Management 2025» XV халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Іс-шараға 30-дан астам елден 250-ден астам зерттеуші қатысып, форум экономика, менеджмент, тұрақты даму және бизнес-инновациялар бойынша диалогтың жетекші алаңы мәртебесін тағы растады. Конференция гибридті форматта өтіп, пленарлық баяндамалар, тақырыптық секциялар және панельдік пікірталастарды қамтыды.

Менеджмент кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Жидебекқызы Ақнұр «Green Economy and Sustainable Development» секциясында «Sustainability in Industry: Assessing Responsible Production Practices in Kazakhstan» тақырыбындағы баяндамасын ұсынды. Баяндама AP19576593 «Қазақстандық кәсіпорындардағы жауапты өндіріс ТДМ-12 қол жеткізу құралы ретінде: әлеуетін бағалау және даму перспективалары» жобасының нәтижелері негізінде дайындалып, Қазақстанның негізгі салаларындағы жауапты өндіріс практикасын зерттеуге арналды, атап айтқанда кәсіпорындардағы экологиялық сәйкестікті, операциялық тиімділікті және еңбек жағдайларын қарастырды. Конференция қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды, іс-шара материалдары арнайы жинақта жарияланады.