№10 Студенттер үйіндегі тәртіп пен құқықтық мәдениет жөніндегі кездесу

2025 жылғы 15 қыркүйекте сағат 17:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер қалашығы әкімшілігінің ұйымдастыруымен №10 Студенттер үйінде бірінші курс студенттерімен кездесу өтті. Жиналыста тарих факультетінің аға кураторы Ходжабай М.А, Бостандық аудандық полиция басқармасының инспекторлары Әскербаев Е.С. және Жотабай Б.Т. қатысты.
Жиналыстың басты мақсаты — студенттерді Студенттер үйінде тұру ережелерімен және университеттің Ар-намыс кодексімен таныстыру болды. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу, университет қалашығы мен оқу корпустары аумағында тәртіпті сақтау мәселелері талқыланды.
Полиция инспекторлары жастар арасындағы құқық бұзушылықтың түрлері, олардың салдары және алдын алу шаралары туралы ақпарат берді. Іс-шара барысында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.