№1 Студенттер үйіндегі тәртіп пен құқықтық мәдениет жөніндегі кездесуFarabi University

№1 Студенттер үйіндегі тәртіп пен құқықтық мәдениет жөніндегі кездесу

15 қыркүйек, 2025

    2025 жылғы 15 қыркүйекте сағат 18:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер қалашығы әкімшілігінің ұйымдастыруымен №1 Студенттер үйінде бірінші курс студенттерімен кездесу өтті. Жиналыста физика техникалық факультетінің аға кураторы Эльмира Мукановна, Бостандық аудандық полиция басқармасының инспекторлары Әскербаев Е.С. және Жотабай Б.Т. қатысты.

    Кездесудің негізгі міндеті — студенттерге Студенттер үйінде тұру ережелері мен университеттің Ар-намыс кодексін түсіндіру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру болды. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алу және университет кампусы мен оқу ғимараттарындағы тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты талқыланды.

    Полиция инспекторлары жастар арасындағы құқық бұзушылық түрлері, олардың салдары және алдын алу әдістері жөнінде ақпарат ұсынды. Кездесу барысында студенттер өз сұрақтарын қойып, толық әрі нақты жауаптар алды. Шара соңында қатысушылар арасында өзара пікір алмасу болып, студенттердің құқықтық сауаттылығы мен тәртіпті сақтау деңгейін арттыруға бағытталған ұсыныстар талқыланды.