№9 Студенттер үйіндегі тәртіп пен құқықтық мәдениет жөніндегі кездесу

2025 жылғы 15 қыркүйекте сағат 19:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер қалашығы әкімшілігінің ұйымдастыруымен №9 Студенттер үйінде бірінші курс студенттерімен кездесу өтті. Жиналыста философия және саясаттану факультетінің оқу әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жұмагүл Нүрдәулетқызы, Бостандық аудандық полиция басқармасының инспекторлары Әскербаев Е.С. және Жотабай Б.Т. қатысты.
Кездесудің негізгі міндеті — студенттерге университеттің оқу тәртібі, Студенттер үйінде тұру ережелері және университеттің Ар-намыс кодексі жайлы толық ақпарат берілді. Сондай-ақ, құқық бұзушылықтардың алдын алу және университет кампусы мен оқу корпусындағы тәртіпті сақтау мәселелері түсіндірілді.
Полиция инспекторлары жастар арасындағы құқық бұзушылық түрлері, олардың салдары мен алдын алу әдістері туралы нақты мәліметтер ұсынды. Кездесу барысында студенттер өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, мамандардан толық әрі түсінікті жауаптар алды.