Тілдер күніFarabi University

Тілдер күні

5 қыркүйек, 2025

5 қыркүйек - біздің көпұлтты еліміздің ерекше күні: Қазақстан халықтарының Тілдері күні. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары дәстүрлі түрде шетелден келген тыңдаушыларға осы күннің мағынасы мен маңыздылығын түсіндіру мақсатында түрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастырады. Шетелдік студенттер кафедрада тілдік дайындықтан өтеді: олар мұнда қазақ және орыс тілдерін оқиды. Тындаушалардың тілін меңгеру деңгейін ескере отырып, оқытушылар презентациялар, сондай-ақ Қазақстан халықтарының Тілдері күнінің шығу тарихын таныстырып хабарламалар дайындайды. Шетелдік студенттердің назары ағартушы, лингвист-ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын, аудармашы, қоғам және саяси қайраткер Ахмет Байтұрсыновқа аударылады. Себебі Қазақстан халықтарының Тілдер күні ғұлама ғалымның туған күнінде атап өтіледі. Студенттер көпұлтты Қазақстанның тілдері қалай дамитыны туралы ақпарат алады. Студенттердің назарына аттас көшеде орналасқан Ахмет Байтұрсыновтың Мұражай-үйіне танымдық экскурсия ұсынылады. Шетелдік азаматтар мемлекетіміздің тіл саясаты туралы ақпаратты үлкен қызығушылықпен қабылдайды.