№4 Студенттер үйіндегі тәртіп пен құқықтық мәдениет жөніндегі кездесуFarabi University

№4 Студенттер үйіндегі тәртіп пен құқықтық мәдениет жөніндегі кездесу

15 қыркүйек, 2025

    2025 жылғы 15 қыркүйекте сағат 20:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер қалашығы әкімшілігінің ұйымдастыруымен №4 Студенттер үйінде бірінші курс студенттерімен кездесу өтті. Жиналыста География және табиғатты пайдалану факультетінің аға кураторы Әлімбай А.М, Бостандық аудандық полиция басқармасының инспекторлары Әскербаев Е.С. және Жотабай Б.Т. қатысты.

    Кездесу барысында студенттер университеттің ішкі тәртібі, Студенттер үйінде тұру ережелері және құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары туралы толық мәлімет алды. Полиция инспекторлары жастар арасындағы құқық бұзушылықтың түрлері мен олардың зардаптары жайлы нақты ақпарат берді.

    Студенттер сұрақтарын қойып, мамандардың кеңесін тыңдап, құқықтық сауаттылықтарын арттыруға мүмкіндік алды. Бұл іс-шара студенттер арасында заңдылық пен тәртіпті нығайтуға бағытталды.