Құқықтық тәртіп жасағының жаңа оқу жылындағы алғашқы жиналысыFarabi University

Құқықтық тәртіп жасағының жаңа оқу жылындағы алғашқы жиналысы

11 қыркүйек, 2025

    2025 жылғы 11 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттік қалашығында Құқықтық тәртіп жасағының 2025–2026 оқу жылына арналған алғашқы жиналысы болып өтті. Жиынға студенттік қалашық әкімшілігінің мамандары мен  құқықтық тәртіп жасағының белсенді студенттері қатысты.

    Кездесудің мақсаты — жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспарын нақтылау, құқықтық тәртіп жасағының қызметін жүйелеу және жатақхана аумағындағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау бойынша бірлескен іс-шараларды пысықтау болды.

    Студенттік қалашық мамандары жасақ мүшелеріне жатақханадағы ішкі тәртіп ережелері, студенттердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, тәртіп бұзушылық фактілерін болдырмау, алдын ала ескерту және тиісті органдармен байланыс орнату жолдары талқыланды.