Өз мамандығыңды танып-білуге алғашқы қадамFarabi University

Өз мамандығыңды танып-білуге алғашқы қадам

10 қыркүйек, 2025

2025 жылдың 9–10 қыркүйек күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Тарих» факультетінің «6В03205 - Кітапханалық ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы (БББ) бойынша 1 курс студенттеріне  арналған «Өз мамандығыңды танып-білуге алғашқы қадам» тақырыбында бағыт беру апталығы өтті.

     Іс-шараның мақсаты: 1 курс студенттерін университеттің академиялық және әлеуметтік өмірімен таныстырып, «Кітапханалық ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының мазмұны, мақсаты мен міндеттері туралы толық ақпарат беріп, студенттердің кәсіби бағдарын қалыптастыруға, мамандықтың ерекшеліктерін түсініп; университет кітапханасы, оқу ресурстары, электрондық ақпараттық жүйелер мен цифрлық платформаларды тиімді пайдалануға үйретіп, академиялық ортада бейімделуіне, студенттік қауымдастықпен байланыс орнатуына ықпал етіп, кәсіби құндылықтар мен этикалық нормаларды түсіндіру арқылы болашақ маман ретінде өзін-өзі дамытуға ынталандырып, кәсіби дамуына жол ашу.

 Өткізілген ісi-шарада дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының аға оқытушысы, топ эдвайзері Асанова Баян Сүлейменқызы университеттің «Академиялық адалдық саясат» ережелерімен таныстырып, талқылап, оқу үдерісіне қатысты «Универ» жүйесін қолдану жолдары көрсетіліп, түсіндірілді.

Бағыт беру апталығы Әл-Фараби кітапханасында экскурсиямен жалғастырылып, студенттер кітапхананың құрылымы, қызмет көрсету бөлімдері және цифрлық ресурстарымен танысты.

       Бағыт беру апталығының екінші күні (10.09.2025 ж.) ҚР Ұлттық кітапханасында кәсіби кездесу өткізілді. Студенттерді кітапхананың тарихымен, қызметтік құрылымымен және жаңа бағыттарымен «Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қызметі» бөлімінің жетекшісі Г.М. Абикова таныстырды.  Бағыт беру апталығы Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі С. Бегалин атындағы қалалық орталық балалар  кітапханасында жалғастырылып, тәжірибелік кездесу барысында кітапхана қызметінің ерекшеліктері көрсетілді.

     Апталық барысында студенттер мамандықтың теориялық және практикалық маңыздылығымен танысып, оқу үрдісіне бейімделудің алғашқы қадамын жасады.

     «Өз мамандығыңды танып-білуге алғашқы қадам» тақырыбында өткізілген апталығы 1 курс студенттеріне болашақ мамандығын терең түсінуге, оқу үдерісіне бейімделуге және кітапханашы мамандығының қоғамдағы орнын айқындауға үлкен мүмкіндік берді.