Өңірлік археология-этнография конференциясыFarabi University

Өңірлік археология-этнография конференциясы

16 қыркүйек, 2025

2025 жылғы 14–18 қыркүйек аралығында Ресейдің Барнаул қаласында студенттер мен жас ғалымдарға арналған халықаралық қатысуы бар Өңірлік археология-этнография конференциясы өтуде. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Археология, этнология және музеология кафедрасының студенттері осы жиынға қатысуда. Пленарлық отырыста сөз Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ж.К. Түймебаевқа берілді.