Жатақханада полиция қызметкерлері студенттермен кездесу өткіздіFarabi University

Жатақханада полиция қызметкерлері студенттермен кездесу өткізді

17 қыркүйек, 2025

16 қыркүйек күні 14-ші жатақханада бірінші курс студенттерінің полиция қызметкерлерімен кездесуі өтті.

Жиын барысында жатақхана мен қаладағы тәртіп ережелері, жеке қауіпсіздік негіздері, сондай-ақ әкімшілік және құқықтық жауапкершілік мәселелері талқыланды.

Кездесуден кейін қытайтану кафедрасының бірінші курс кураторлары Мұқатай К. және Меттибаева С. студенттермен қосымша әңгіме өткізіп, негізгі мәселелерді бекітіп, тәртіп пен ережелерді сақтаудың маңыздылығын тағы да түсіндірді.

Бұл іс-шара бірінші курс студенттерінің студенттік өмірге бейімделуіне және қоғамдық нормалар мен жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауына маңызды қадам болды