Жоғары студенттер кеңес ұйымының жаңа оқу жылындағы алғашқы жиналысыFarabi University

Жоғары студенттер кеңес ұйымының жаңа оқу жылындағы алғашқы жиналысы

9 қыркүйек, 2025

    2025 жылғы 9 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттік қалашығында Студенттік қалашық әкімшілігінің директоры Сейтжанов А.А. қатысуымен Жоғары студенттер кеңес ұйымының 2025–2026 оқу жылына арналған алғашқы жиналысы өтті. Жиынға студенттік қалашық әкімшілігінің мамандары мен Жоғары студенттер кеңес ұйымының белсенді студенттері қатысты.

    Жиналыс барысында жаңа оқу жылына жоспарланған іс-шаралар мен жобалар талқыланып, студенттердің құқықтары, міндеттері және оқу процесіндегі жауапкершіліктері туралы толық мәлімет берілді. Сонымен қатар, университеттегі қоғамдық өмірге белсенді қатысу және өз бастамаларын жүзеге асыру жолдары қарастырылып, студенттер арасында ынтымақтастық пен жауапкершілікті арттыру мәселелері сөз болды.

    Бұл кездесу студенттердің университет өміріне тезірек бейімделуіне, өздерінің көшбасшылық қасиеттерін дамытуына және оқу жылы бойы бірлесе жұмыс істеуіне ықпал етеді.