№8 Студенттер үйіндегі тәртіп пен құқықтық мәдениет жөніндегі кездесу

2025 жылғы 16 қыркүйекте сағат 19:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер қалашығы әкімшілігінің ұйымдастыруымен №8 Студенттер үйінде бірінші курс студенттерімен кездесу өтті. Жиналыста Ақпараттық технологиялар факультетінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Саметова А.А, аға кураторы Шинасылов Ш,Ж қатысты.
Жиналыс барысында студенттер университеттің ішкі тәртібі, Студенттер үйінде тұру ережелері және құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары туралы толық мәлімет алды. Кездесу барысында студенттердің оқу барысындағы мәселелері мен қоғамдық өмірге белсенді араласу жолдары талқыланып, университеттің ережелері мен мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Бұл шара жаңа студенттердің университет өміріне тезірек бейімделуіне және өздерін сенімді сезінуіне үлкен септігін тигізді.
Студенттер сұрақтарын қойып, мамандардың кеңесін тыңдап, құқықтық сауаттылықтарын арттыруға мүмкіндік алды. Бұл іс-шара студенттер арасында заңдылық пен тәртіпті нығайтуға бағытталды.
Басқа жаңалықтар
