Химия және химиялық технология факультетінде бірінші курс студенттерімен жиналысFarabi University

Химия және химиялық технология факультетінде бірінші курс студенттерімен жиналыс

17 қыркүйек, 2025

    2025 жылғы 17 қыркүйекте сағат 18:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер қалашығы әкімшілігінің ұйымдастыруымен Химия және химиялық технология факультетінің Малахит оқу залында бірінші курс студенттерімен кездесу өтті. Жиналыста Химия және химиялық технология факультетінің аға кураторы Бахытжан Е.Ғ., Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері Мұқанова Ж.Т. және Шакизада С.Б. қатысты.

   Іс-шараның мақсаты – жаңа оқу жылында студенттердің бейімделуіне көмектесу, құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдық тәртіп ережелерімен таныстыру болды. Ар-намыс кодексі туралы толық ақпарат берілді. Сондай-ақ, құқық бұзушылықтардың алдын алу және университет кампусы мен оқу корпусындағы тәртіпті сақтау мәселелері түсіндірілді.

    Жиын барысында студенттерге университеттің ішкі тәртіп ережелері, жатақханада тұру тәртібі және қауіпсіздік шаралары туралы толық мәлімет берілді. Полиция қызметкерлері құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша баяндамалар жасады.