«Жасыл» деректер орталығына инвестиция тартыладыFarabi University

«Жасыл» деректер орталығына инвестиция тартылады

18 қыркүйек, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстандағы Тайвань Сауда-өнеркәсіп палатасы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат Алматы облысында алдағы үш жыл ішінде «жасыл» деректер орталығын салуға инвестиция тартуды көздейді.

Университет атынан меморандумға Басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Марғұлан Ибраимов қол қойды. Ол бұл жобаның Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері мен цифрлық технологияларды дамыту үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті.

Тайвань Сауда-өнеркәсіп палатасының бас хатшысы, ҚазҰУ түлегі Бохан Фу жасыл энергетика саласына заманауи технологияларды енгізудің маңыздылығын айтып, бұл ынтымақтастық елдің тұрақты дамуына оң әсер ететініне сенім білдірді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі