№5 Студенттер үйіндегі тәртіп пен құқықтық мәдениет жөніндегі кездесу

2025 жылғы 17 қыркүйекте сағат 20:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер қалашығы әкімшілігінің ұйымдастыруымен №5 Студенттер үйінде бірінші курс студенттерімен кездесу өтті. Жиналыста Журналистика факультетінің аға кураторы Мамырова Кулайым Сейтнуровна және студенттік қалашық қызметтері қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты – жаңа оқу жылында университет табалдырығын алғаш аттаған студенттерді студенттік қалашықтың ішкі тәртіп ережелерімен, қауіпсіздік талаптарымен, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлармен және университеттің ішкі құрылымдарымен таныстыру болды.
Жиналыс барысында бірінші курс студенттеріне жатақханада тұру тәртібі, тынығу және оқу үшін қолайлы жағдайлар жасау, ортақ мүлікке ұқыпты қарау, тазалық сақтау, қауіпсіздік ережелерін сақтау және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сонымен қатар, студенттерге өрт қауіпсіздігі ережелері, төтенше жағдай кезінде әрекет ету тәртібі, ішкі бақылау және бейнебақылау жүйесінің жұмысы туралы ақпарат берілді.
Басқа жаңалықтар
