ЖИ дәуіріндегі ғылымды дамытуFarabi University

ЖИ дәуіріндегі ғылымды дамыту

18 қыркүйек, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында компьютерлік ғылымдар факультеттері декандарының ІІ халықаралық форумы өтті. Биылғы форум «Жасанды интеллект дәуіріндегі ақпараттық технологиялардың дамуы» тақырыбын қамтыды.

Іс-шараны ҚазҰУ мен Қытайдың Солтүстік-батыс политехникалық университеті бірлесе ұйымдастырды. Форум жұмысына Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Сингапур және Гонконгтың жетекші жоғары оқу орындарынан сарапшылар мен факультет декандары қатысты.

Форумның басты мақсаты – халықаралық ғылыми-инновациялық ынтымақтастықты дамыту, жасанды интеллект саласындағы заманауи трендтерді талқылау және білім беру жүйесін цифрлық талаптарға сай жаңғырту.

ҚазҰУ ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Тимур Иманқұлов өз сөзінде Мемлекет басшысының биылғы жолдауында цифрландыру мен ЖИ технологияларын енгізуге ерекше назар аударылғанын айтып, бұл бағыттардың университеттің даму стратегиясымен үндес екенін атап өтті.

Шара барысында Қытай, Моңғолия және Гонконг университеттерінің жетекші мамандары ЖИ технологияларының ғылымға әсері, генеративті жасанды интеллект пен ірі тілдік модельдердің әлеуеті, сондай-ақ пәнаралық ынтымақтастықтың рөлі туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар форумда оқу бағдарламаларын заманауи цифрлық құзыреттерге бейімдеу, кадр даярлау жүйесін жетілдіру, бірлескен ғылыми жобалар жүргізу, халықаралық білім беру бағдарламаларын іске қосу және академиялық алмасу механизмдерін дамыту ұсынылды.

 Форум аясында екі ірі панельдік сессия ұйымдастырылып, ЖИ дәуіріндегі ғылыми зерттеулер мен компьютерлік ғылымдардағы білім беру реформалары жан-жақты талқыланды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі