№18 Студенттер үйіндегі тәртіп пен құқықтық мәдениет жөніндегі кездесу
 
                2025 жылғы 17 қыркүйекте сағат 18:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер қалашығы әкімшілігінің ұйымдастыруымен №18 Студенттер үйінде бірінші курс студенттерімен кездесу өтті. Жиналыста заң факультетінің деканы Ахатов У.А., деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Асанова С.Э., аға кураторы Тұрысбек Р.Б, Бостандық аудандық полиция басқармасының инспекторы Сейдуллаев У.Н. қатысты.
Жиналыстың басты мақсаты — студенттерді Студенттер үйінде тұру ережелерімен және университеттің Ар-намыс кодексімен таныстыру болды. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу, университет қалашығы мен оқу корпустары аумағында тәртіпті сақтау мәселелері талқыланды. Жиналыста студенттердің тәртіпке, жауапкершілікке және ұжымдық ортаға бейімделуі үшін студенттер үйінде белгіленген ережелерді сақтау аса маңызды екенін түсіндірді. Әсіресе бөлмелерді таза ұстау, тыныштық сақтау, қоғамдық мүлікті ұқыпты пайдалану секілді талаптардың орындалуы студенттердің өзіне қолайлы жағдай жасайтынын баса айтылды.
Полиция инспекторлары жастар арасындағы құқық бұзушылықтың түрлері, олардың салдары және алдын алу шаралары туралы ақпарат берді. Іс-шара барысында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.


Басқа жаңалықтар
 
                                 
                                 
        