№6 Студенттер үйіндегі тәртіп пен құқықтық мәдениет жөніндегі кездесу
2025 жылғы 18 қыркүйекте сағат 19:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер қалашығы әкімшілігінің ұйымдастыруымен №6 Студенттер үйінде бірінші курс студенттерімен кездесу өтті. Жиналыста Механика-математика факультетінің оқу-әдістемелік және тәрбие жөніндегі декан орынбасары Сахаева А.К., аға куратор Абенов Б.К. қатысты.
Жиналыстың негізгі мақсаты — студенттерді жатақханада өмір сүру мәдениетімен және университеттің ішкі тәртіп ережелерімен жан-жақты таныстыру болды. Сонымен қатар, білім ордасында құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік талаптарын сақтау және оқу ғимараттары мен жатақхана аумағындағы тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Университет әкімшілігі студенттерге жатақханадағы ортақ өмірдің талаптарына бейімделудің маңыздылығын атап өтіп, ортақ ережелерді бұлжытпай орындау жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырудың басты кепілі екенін түсіндірді.
Әсіресе бөлмелердің тазалығын сақтау, тыныштық режимін бұзбау, тұрмыстық заттар мен қоғамдық мүлікке ұқыппен қарау сынды қарапайым ережелердің әр студент үшін маңызды екені айтылды. Бұл талаптардың орындалуы әрбір тұрғынның жайлылығы мен өзара сыйластықтың негізін қалайды.
Кездесу барысында студенттер өз сұрақтарын қойып, мамандардан толық әрі нақты жауаптар алды. Жиналыс жылы, ашық форматта өтті, қатысушылар еркін пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, бұл іс-шара студенттер үшін университет ұжымымен алғашқы таныстық пен іскер қарым-қатынас орнатуға жақсы мүмкіндік болды.


Басқа жаңалықтар