Сингапур ғалымдарымен серіктестік орнайды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Басқарма Төрағасының орынбасары – бірінші проректор Еркін Дүйсенов Сингапурдағы Ғылым, технология және зерттеулер агенттігі бас директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Энди Хормен кездесті.
Тараптар жүздесуде ғылым мен жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты арттыру бойынша пікір алмасты.
Еркін Дүйсенов құрметті қонақтарға ҚазҰУ-дың ғылыми инфрақұрылымын таныстырды. «Сингапур – инновациялық саясат пен ғылыми зерттеулердің озық үлгісін көрсетіп отырған мемлекет. Осы тұрғыда ғылым, технология және зерттеулер агенттігімен әріптестік байланыс орнату маңызды қадам», – деді проректор.
Өз кезегінде Энди Хор агенттіктің негізгі ғылыми бағыттары мен зерттеу инфрақұрылымы туралы ақпарат беріп, Орталық Азия аймағындағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретінде ҚазҰУ-мен әріптестік орнатуға мүдделі екенін білдірді.
Кездесу қорытындысында тараптар ортақ ғылыми жобаларды іске асыру, бірлескен форумдар мен конференциялар өткізу сынды бірқатар бағыттар бойынша нақты ұсыныстармен алмасты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар


