ҚазҰУ-дағы жалпы университеттік сенбілік
20 қыркүйек, 2025

2025 жылғы 20 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде «Тазалық – денсаулық кепілі» ұстанымына негізделген «Құрлық экожүйесін сақтау» тұрақты даму жобасы аясында кафедра оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен жалпы университеттік сенбілік ұйымдастырылды. Қоршаған ортада тазалық пен тәртіпті қалыптастыру мәдениетін насихаттау мақсатымен өткізілген бұл іс-шара жастарды еңбекқорлық пен білімпаздық рухында тәрбиелеудің әлеуметтік маңызы зор екенін көрсетеді. Оқытушылар мен студенттер сенбілікке өз еркімен белсене қатысты.