Университетте «Тазалық күні» сенбілігі өттіFarabi University

Университетте «Тазалық күні» сенбілігі өтті

20 қыркүйек, 2025

20 қыркүйек күні университетте «Тазалық күніне» орай сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқу орнының аумағы тазаланып, қоқыстар жиналды.

Сенбілікке Биология және биотехнология факультетінің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен студенттері белсене қатысты. Факультет деканы да шараға қатысып, ұжыммен бірге аумақты тазалау жұмыстарына атсалысты.

Мұндай іс-шаралар дәстүрлі түрде өткізіліп, университеттің дамуына және студент жастардың экологиялық мәдениетін көркейуіне бағытталады.