Студенттер ар-намыс кодексімен таныстыFarabi University

Студенттер ар-намыс кодексімен танысты

21 қыркүйек, 2025

Дәстүр бойынша шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының куратор-эдвайзерлері алғашқы іс-шаралардың бірі ретінде "ҚазҰУ студентінің ар-намыс кодексін" талқылайтын кураторлық сағаттар өткізеді. Оқытушылар студенттерді тыңдаушылар сақтауы тиіс ережелер туралы хабардар етеді және шетел азаматының біздің ЖОО қабырғасында болу тәртібіне ерекше назар аударады. Куратор-эдвайзерлер Ахмедова Айжан Қалешевна, Қазмағамбетова Алма Садуақасовна, Қойшыбаева Гүлмира Сайлаубаевна,  Мамытбекова Ляйля Қуламқадыровна студенттерге «ҚазҰУ студенттерінің Ар-намыс Кодексінің» негізгі ережелері туралы айтып, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.