- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ магистранты TRT Avaz телеарнасының түсірілімінде синхронды аудармашы болды
ҚазҰУ магистранты TRT Avaz телеарнасының түсірілімінде синхронды аудармашы болды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының магистранты Үкібай Бибол Бауыржанұлы Түркияның TRT Avaz телеарнасының Қазақстанда жүргізілген түсірілім жұмыстарына синхронды аудармашы ретінде қатысты. «Сақтар – алтын иесі» атты түсірілім жобасы сақ өркениетінің тарихи-мәдени мұрасына арналды. Атап айтқанда, археологиялық қазбалар, «Алтын адам» ескерткіші, зергерлік бұйымдар мен қорғандар кеңінен көрсетілді. Жобаның негізгі сарапшыларының бірі академик Қырым Алтынбеков түсірілім тобына сұхбат беріп, археологиялық зерттеу жұмыстарының барысы, олардың қазақ тарихы мен мәдениеті үшін маңыздылығы туралы егжей-тегжейлі әңгімеледі. Магистранттың осындай халықаралық маңызы зор мәдени-тарихи жобаға қатысуы университет студенттерінің жоғары деңгейдегі даярлығын, кәсіби құзыреттілігін және ҚазҰУ-ды халықаралық деңгейде танытуға дайын екендігін көрсетеді.
Дулаева Эльнара Зильпикарқызы