ЖИ күнделікті міндеттерді шешуге қалай көмектеседі
30 қыркүйек, 2025

2025 жылғы 30 қыркүйекте шет тілдері кафедрасының оқытушысы Д.М.Махметова ТДМ 4: Сапалы білім шеңберінде «How AI helps cope me with everyday challenges» тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ағылшын бөлімінде оқитын Химия және Химия технологиясы факультетінің 1 курс студенттері және Сидней (Австралия) университетінің химия факультетінде оқитын студент Федор Смолянов қатысты. Іс-шара онлайн және оффлайн режимінде өтті. Қатысушылардың әрқайсысы оқудағы күрделі міндеттерді шешуге ЖИ көмектесетіні туралы ағылшын тілінде 3 минуттық хабарлама жасады.