Профессор К.А. Жақсыбекованы 65 жылдық мерейтойымен құттықтау
22 қыркүйек, 2025
Бүгін факультет Ғылыми кеңесінің отырысында физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Күлән Айтмағамбетқызы Жақсыбекова 65 жылдық мерейтойымен құттықталды.

Күлән Айтмағамбетқызы — физика-математика ғылымының дамуына және жас мамандарды даярлауға зор үлес қосқан құрметті ғалым әрі педагог.
Оған мықты денсаулық, амандық-саулық және ғылыми әрі кәсіби қызметінде жаңа жетістіктер тілейміз!