Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да күзгі жалпы сенбілік өтті
22 қыркүйек, 2025
2025 жылғы 21 қыркүйек күні алтын күздің шуақты күнінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі күзгі жалпы сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға Биология және биотехнология факультетінің Молекулалық биология және генетика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері белсене қатысты.
Күзгі сенбіліктің басты мақсаты – университет аумағын тазарту, түскен жапырақтарды жинау, жасыл аймақтарды ретке келтіру және студенттер арасында экологиялық мәдениетті нығайту болды. Қатысушылар бірлесе еңбек етіп, оқу корпустарының маңын, кампус аумағын тазалап, ағаш-бұталарды ретке келтірді.
Бұл шара ұжымдық рухты арттырып қана қоймай, табиғатты қорғау мен туған ортаға жауапкершілікпен қарау сезімін қалыптастыруға зор үлес қосты.