Нуклеин қышқылдарының электрофорезі сапалы білім алу әдісі ретінде (ТДМ 4) және гендерлік теңдікке қол жеткізу (ТДМ 5)Farabi University

Нуклеин қышқылдарының электрофорезі сапалы білім алу әдісі ретінде (ТДМ 4) және гендерлік теңдікке қол жеткізу (ТДМ 5)

26 қыркүйек, 2025

 

2025 жылғы 25 қыркүйекте сағат 14:00–16:00 аралығында «Генетика» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне арналған зертханалық сабақ өтті. Іс-шараға 15 генетика студенті және басқа топтардың студенттері қатысты. Сабақты оқытушылар С.Д. Алыбаев пен З.Ғ. Айташева ұйымдастырды.

Зертханалық жұмыс барысында студенттер нуклеин қышқылдарының электрофорезі әдісін меңгеріп, оның сапалы білім берудегі (ТДМ 4) рөліне тоқталды. Сонымен қатар, сабақта ғылым мен білім саласында гендерлік теңдікке қол жеткізудің (ТДМ 5) маңызы талқыланды.