
Ақымет Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының оқытушысы Арғынбек Құнанбайұлы алматылық ЖОО студенттеріне “Оқу деген не өзі” тақырыбында танымдық дәріс өтті. Дәрістің мақсаты – талапты жастардың кітап оқуға, ғылыми ізденіске, бойдағы күш-қуат, ерік-жігердің дұрыс арнаға, тындырымды істерге жұмсалуына себепкер болу. Дәріске JUZ40 білім беру ұжымы мұрындық болды. Кітап оқудың танымдық қыры мен жазу әдебіне қатысты талқыны онлайн (тікелей эфирден) тамашалағандар да болды. Кездесуге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚБТУ, SDU, Қ.И. Сәтпаев ат. ҚазҰТЗУ, ҚазҰҚПУ тағы бірнеше университет студенттері қатысты. Кездесуде студенттер сұрақ қойып, келелі кеңес құрылды.