Философияны оқыту: мәселелері және болашағы
Философия және саясаттану факультетінің философия кафедрасы «Философияны оқыту: мәселелері және болашағы» тақырыбында ғылыми-әдістемелік конференция өткізді. Оның жұмысына республика жоғары оқу орындарының оқытушылары, ҚР Білім және Ғылым Министрлігі Ғылым комитетінің философия, саясаттану және дінтану Институтының ғылыми қызметкерлері қатысты.
Конференция шетелдік және отандық философтардың еңбектері жинақталған Философия кабинетінің салтанатты ашылуынан басталды. Конференцияға қатысушыларды философия және саясаттану факультетінің деканы, Қазақстандық философиялық Конгрестің Алматы филиалының Директоры А.Р.Масалимова, философия кафедрасының меңгерушісі Г.Ж.Нұрышева құттықтап, оның Қазақстан жоғары мектебі білім беру бағдарламаларының реформасына байланысты өзектілігін атап өтті.
Конференцияға қатысушылар философия кафедрасының профессоры М.Ш.Хасановтың «Философия саласы бойынша мамандардар дайындау жүйесін реформалаудың студенттердің азаматтық бірегейлігін қалыптастырудағы рөлі», РОӘК ОӘБ Ғалым хатшысы, профессор А.С.Сырғақбаеваның «Философия» мамандығының жаңа білім беру бағдарламаларын қалыптастырудың ерекшеліктері мен принциптері», ФСДИ Институты директорының орынбасары, профессор С.Е.Нұрмұратовтың «Түркі философиясын оқытудың өзектілігі туралы», ОҚМУ философия кафедрасының меңгерушісі Т.А.Сүлейменовтің «Қазіргі заманда философияны оқытудың үшбірлікті міндеті туралы» баяндамаларын үлкен қызығушылықпен тыңдап, белсене талқылады. Бұл сұрақтар білім беру жүйесінде философияны оқытудың теориялық, әдістемелік және технологиялық мәселелері кеңінен қамтылған секциялық баяндамаларда да қамтылды.