Қазақстаные заманауи экономикаға қадам басу бағдарыFarabi University

Қазақстаные заманауи экономикаға қадам басу бағдары

26 қыркүйек, 2025

2025 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің отырысында сөз сөйледі. Мемлекет басшысы бұл жиында еліміздің ғылыми-технологиялық дамуына қатысты бірқатар маңызды бастамаларды жариялап, цифрландыру, жасанды интеллект және халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық кеңестегі сөзі еліміздің ғылыми-технологиялық даму бағытына нақты серпін беретін маңызды үндеу болды. Мемлекет басшысы ғылымның стратегиялық маңызын атап өтіп, жасанды интеллект пен цифрлық трансформацияны жедел жүзеге асыру қажеттігін баса айтты. Бұл – Қазақстанның жаһандық өзгерістерге икемделіп, заманауи экономикаға қадам басуына арналған нақты бағдар.

Сонымен қатар, Президент қазіргі геосаяси тұрақсыздық жағдайында ғылым мен технологияны дамыту — елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы екенін нақты жеткізді. Қазақстанды толық цифрландыру және жасанды интеллектті барлық салаға енгізу туралы тапсырмасы – жаңа дәуір талаптарына сай маңызды қадам. Бұл бастамалар елдің тұрақты дамуына және халықаралық аренадағы орнын нығайтуға бағытталған.

Баймуратова И.А. Шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы