Студенттік қалашық әкімшілігінің мамандарымен құқықтық тәртіп сақтау жасағымен кезекті жұмыс жиыны өткізілді.
Жиналыс барысында студенттер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, оқу орны аумағында қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыру, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету тәртібі кеңінен талқыланды.
Жиналыс кезінде қатысушылар тарапынан түрлі ұсыныстар мен бастамалар айтылып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспары нақтыланды. Сонымен қатар, студенттердің құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру мәселесі де күн тәртібінен тыс қалмады.
Жиын қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға студенттердің қауіпсіз әрі жайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті шараларды қолға алу тапсырылды.


Басқа жаңалықтар
20 қазан, 2025
20 қазан, 2025