ҚазҰУ студенті «Жетісу аруы – 2025» атанды
29 қыркүйек, 2025

2025 жылғы 25 қыркүйекте Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында республикалық «Жетісу аруы – 2025» сұлулық және талант байқауы өтті.
Мәртебелі атаққа әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Есеп және аудит» мамандығының 3-курс студенті Жақсылықбай Балауса ие болғанына қуана хабарлаймыз
Бұл жетістік оның табандылығының, дарыны мен жан-жақты дайындығының нәтижесі. Жеңіс ҚазҰУ студенттерінің жоғары академиялық жетістіктермен қатар, қоғамдық, мәдени және шығармашылық салаларда да белсенді екенін тағы да дәлелдеді.
Университет өзінің студентімен мақтанады және Балаусаға жаңа жеңістер, шабыт пен жарқын жетістіктер тілейді!
Басқа жаңалықтар

3 қазан, 2025

3 қазан, 2025

2 қазан, 2025