- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасының докторанты Тяньцзинь педагогикалық университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің алғашқы бірлескен пәнаралық зерттеу семинарына қатысты
Қытайтану кафедрасының докторанты Тяньцзинь педагогикалық университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің алғашқы бірлескен пәнаралық зерттеу семинарына қатысты
30 қыркүйек, 2025

2025 жылғы 29 қыркүйекте Тяньцзинь педагогикалық университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасындағы алғашқы бірлескен пәнаралық зерттеу жобасын айқындаған маңызды ғылыми семинар өтті. Қатысушылардың қатарында Қытайтану кафедрасының докторанты Пак Раиса болды. Ол Тяньцзинь педагогикалық университетінің зерттеушісі Ли Синьюймен бірлескен зерттеу жүргізуде.
Олардың "A Case Study on Deep-Seek-Assisted Instruction in the 'Humanities Essence' Course for Master of Chinese International Education" атты бірлескен ғылыми жұмысы қытай гуманитарлық ғылымдары саласындағы халықаралық білім беруді жетілдіруге бағытталған инновациялық оқыту әдістеріне арналды.