- Басты бет
- Жаңалықтар
- ЭжБЖМ бірінші курс студенттерінің тимбилдингі: Достық, команда және жаңа әсерлер
ЭжБЖМ бірінші курс студенттерінің тимбилдингі: Достық, команда және жаңа әсерлер

Өткен жексенбіде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебінің 1-курс студенттері жаңа оқу жылының басында студенттерді біріктіру және достық атмосфера құру мақсатында ұйымдастырылған қызықты тимбилдингке қатысты.
Іс-шара белсенді де ынталы студенттерді біріктіріп, олар командалық тапсырмаларды орындап, түрлі ойындар мен шығармашылық жаттығуларға үлкен қызығушылықпен қатысты. Тимбилдинг бағдарламасы коммуникация дағдыларын дамытуға, топпен жұмыс істеуге және креативті ойлауға бағытталды.
Бағдарламаның ең әсерлі сәттерінің бірі студенттердің оқытушыларымен бірге Бутаков сарқырамасына жасаған жорық болды. Бұл жаңа ортада жақын танысуға мүмкіндік берді.
«Біз, бірінші курс студенттері үшін мұндай кездесулер өте маңызды, – деп бөлісті өз ойымен студент Базартай Мадина. – Олар факультетке өзімізді толыққанды мүше ретінде сезінуге және жаңа достар табуға көмектеседі».
Тимбилдинг жылы әрі достық атмосферада өтіп, оқу жылының сәтті бастамасына айналды. Студенттер факультет деканы Ермекова Ж.Ж.-ға, сондай-ақ оқытушылар Садыханова А.А., Сартова Р.Б., Кулиев И.У., Иляшова Г.К. пен студенттік активке ұйымдастырылған тамаша іс-шара үшін алғыс айтты.
Басқа жаңалықтар


