«Орхун» халықаралық бағдарламасы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы академиялық ұтқырлықтың жаңа көкжиектеріFarabi University

«Орхун» халықаралық бағдарламасы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы академиялық ұтқырлықтың жаңа көкжиектері

30 қыркүйек, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультеті, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы халықаралық ынтымақтастықты «Орхун» академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында белсенді түрде дамытуды жалғастыруда.

2025 жылғы 15 қыркүйектен 1 қазанға дейін университетке Әзірбайжан шет тілдері университетінің оқытушысы Гүлнар Нагиева келді. Бағдарлама аясында ол студенттерге дәрістер мен тәжірибелік сабақтар өткізіп, серіктес жоғары оқу орындарының арасында педагогикалық тәжірибемен алмасуды жүзеге асырады.

Бұл сапар ғылыми және білім беру байланыстарын нығайтудағы маңызды қадам болып табылады, мәдениетаралық диалогты кеңейтіп, университеттің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Шетелдік оқытушының келуі кафедраның жаңа идеяларға ашықтығын және әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге деген ұмтылысын көрсетеді.

Аймагамбетова М.М.