- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенттері Халықаралық сауаттылық күнін атап өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенттері Халықаралық сауаттылық күнін атап өтті.

2025 жылдың 8 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Экономика және Бизнес Жоғарғы мектебі, Экономика ББ 3 курс студенттері «Халықаралық сауаттылық күніне орай» кураторлық сағат өткізді. Бұл іс-шара жастардың білім мен ғылымға деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ қоғамдағы сауаттылықтың рөлін түсіндіруге бағытталды. ТДМ-4: Ауқымды және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін бүкіл өмір бойы оқу мүмкіндігін көтермелеу.
Кураторлық сағат барысында студенттер сауаттылықтың тарихи және әлеуметтік маңызы туралы баяндап, әлемдегі білім беру деңгейінің артуы мен ақпараттық қоғамдағы сауаттылықтың жаңа қырларын талқылады. Сонымен қатар, студенттер әдеби шығармалар мен статистикалық деректерді пайдаланып, қазіргі қоғамда цифрлық сауаттылықтың да ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
Андабаева Г.К., Тураров Д.Р.
Басқа жаңалықтар


